БҰҰ- ның Ирак ісі жөніндегі өкілі Мұхаммад Джавад Зарифпен ақылдасты
(last modified Sat, 30 Apr 2016 14:20:19 GMT )
Сәу 30, 2016 20:20 Asia/Almaty
  • БҰҰ- ның Ирак ісі жөніндегі өкілі Мұхаммад Джавад Зарифпен ақылдасты

БҰҰ- ның Ирак ісі жөніндегі арнайы өкілі Иран Сыртқы істер министрімен кездесіп, әңгімелесті.

Теһранға сапар шеккен БҰҰ-ның Ирак ісі жөніндегі арнайы өкілі Ян Кубич Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен кездесіп, Ирактағы соңғы өзгерістер жөнінде сұхбаттасып, ой бөлісті.

Ян Кубич осыдан бұрын Иран СІМ-нің араб және африкалық елдер ісі бойынша орынбасары Хосейн Әмир Абдоллаһиянмен де кездесіп, ақылдасқан болатын.

Соңғы кездері Ирактың саяси кеңістігі коррупциямен күресу үшін халық пен дінбасылардың талаптарының ұлғаюымен және үкімет пен парламент арасында кабинетті өзгерту тәсілінде келіспеушіліктің тууымен дағдарысқа душар болыр отыр.

Ирак парламенті 26- шы сәуір, сейсенбі күні осы елдің үкімет басшысы Хайдер әл- Абади тарапынан ұсынылған 5 министрге сенім дауысын берді. Ирак парламентінің бүгінгі отырысында Хайдер әл- Абади тарапынан ұсынылған өзге министрлер туралы да дауыс беріледі.