800 сириялық лаңкес Ресеймен соғысу үшін Украинаға жіберілді
Сирияның Идлиб облысындағы жергілікті ақпарат көздері 800 лаңкес, соның ішінде ДАИШ лаңкестерінің Ресей армиясына қарсы соғысу үшін Украинаға жіберілгенін хабарлады.
"Спутник" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сирияның солтүстік-батысында орналасқан Идлиб облысындағы жергілікті ақпарат көздері бейсенбі күні: "Лаңкестерді жіберу амалдары өткен екі аптада екі кезеңде "Тахрир әш-Шам" тобының (бұрынғы ән-Носрат майданы) үйлестіруімен жүзеге асырылды. Бұл топ Идлиб облысының солтүстік-батысындағы бірнеше ауданды бақылауда ұстап отыр",-деп хабарлады.
Жергілікті көздердің айтуынша, 800 қарулы адам – Түркияның қолдауына ие болып отырған "Филқ әш-Шам", "Азаттық үшін ұлттық майдан" және "әл-Филқ әс-Салес" топтарына мүше Сирия азаматтары. Олар өзара келісім аясында Украинаға жол тартты.