Иран Сыртқы істер министрінің көмекшісі: АҚШ билігі Байденнің қолынан сусып барады
Қар 20, 2022 19:52 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрінің көмекшісі Твиттердегі жеке парақшасында АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп пен Твиттердің иесі Илон Масктың суретін жариялап: "АҚШ билігі Байденнің қолынан сусып барады. Байден де Трамп сияқты бір кезеңдік президент болатын сыңайлы",-деп жазды.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Расул Мусави: "Осындай жағдайда елдер АҚШ-пен тек қысқа мерзімді келісім жасауға тырысады. Сол себепті халықаралық жүйеде тұрақтылық азайды",-деді.
Твиттердің иесі бірнеше күн бұрын АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың аккаунтын қайта ашқанын хабарлады.