Ресей: Украина тұтқындарды айуандықпен өлтіріп жатыр
Ресей Қорғаныс министрлігі украиналық әскерилердің соғыста ұсталған ресейлік тұтқындарды айуандықпен өлтіріп жатқанын хабарлады.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей Қорғаныс министрлігі украиналық әскерилердің соғыста ұсталған ресейлік тұтқындарды өлтіруін айыптап, мұны соғыс қылмысы деп атады.
Ресей Сыртқы істер министрі өз мәлімдемесінде: "Мәскеу халықаралық ұйымдардан Украина тарапының ресейлік тұтқындарға жасалған айуандық қылмысты айыптап, осы салада жан-жақты тексеріс жүргізуін талап етті",-деп хабарлады.
Ресей Қорғаныс министрлігі өткен жұмада Украинаның 10-нан аса ресейлік тұтқынды өлтіргенін хабарлап, Киевті соғыс қылмысын жасады деп айыптады.
Мәскеудің айтуынша, Батыс бұл жағдайға көзжұмбайлық танытып отыр.