Астана үдерісіне кепілгер елдер отырысының қорытынды мәлімдемесі
Иран, Ресей мен Түркия "Астана үдерісіне" кепілгер елдер басшыларының 19-шы отырысының қорытынды мәлімдемесі аясында Сирияның солтүстігіне қатысты келісімдерді орындау және осы елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына толық берік болу керегін баса айтты.
Қазақстанда өткен Сирия бейбітшілігіне қатысты 19-шы Астана халықаралық отырысының қорытынды мәлімдемесінде сионистік режимнің Сирияға қайта-қайта жасап жатқан агрессиялық шабуылдары айыпталды. Астана үдерісіне кепілгер елдер мұнымен бір мезгілде Сирияда қандай да бір қастандықтар жоспарланғанын теріске шығарып: "Сирияның солтүстік-шығысындағы қауіпсіздік пен тұрақтылық тек осы елдің ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау негізінде орнайды",-деп қуаттады.
Астана отырысының қорытынды мәлімдемесінде: "Сириядағы лаңкестік топтарды қолдайтын елдердің әрекеттері мен елді бөлшектеуді қалайтын топтарды қолдаушылар қатаң айыпталады",-делінген.
Сондай-ақ Сирияның мұнайын ұрлау – қарғыс атқан әрекет. Одан түскен табыс осы ел халқына қайтарылуы тиіс. Астана үдерісіне кепілгер елдер басшыларының он тоғызыншы отырысы айрықша жағдайда өтті. Өйткені Сирия мен Түркия басшылары үшінші елде екіжақты кездесу өткізу туралы кеңесіп жатыр. "Хорриат" басылымының түрік сарапшысы Абдулқадер Салави Сирия мен Түркия қатынасы туралы: "Режеп Тайып Ердоған мен Башар Асадтың кездесуі Ресейде Владимир Путиннің қабылдауымен өтуі ықтимал",-деп жазды.
Өткен айларда да Түркияның саяси-ақпараттық кеңістігінде Сириямен қарым-қатынасты қалыптандыру қажеттігі туралы тақырып көп талқыланды.
Мына жайтты назардан тыс қалдыруға болмайды: көршілес елдермен текетіресті нөлге жеткізу саясатын қабылдаудың орнына олармен жауласып жатқан Анкара үкіметінің басшылары кейінгі кезде өткен бірнеше жылғы саясаттарының барлығынан бас тартты. Түркияның БАӘ, Сауд Арабиясы, Мысыр, Сирия, Ирак, Еуропа одағы, АҚШ, Израиль және Жерорта теңізі маңындағы басқа елдермен қарым-қатынасына қатты әсер еткен Режеп Тайып Ердоған үкіметінің саясаты енді Анкара басшылары тарапынан қайта қаралып жатыр. Шын мәнінде Түркия үкіметі неліктен аймақтағы кейбір мемлекеттермен қарым-қатынасын бұзып, артынша оны қайта қарастырып жатқаны белгісіз. Қалай болғанда да, Анкара үкіметі үшін қазіргі жағдайда өздерінің бұрынғы қате саясаттарынан кері шегінгеннен басқа жол жоқ сыңайлы. Қорыта келгенде, Астана үдерісіне кепілгер елдер басшыларының он тоғызыншы отырысы өткен онжылдықта Түркия мен Сирия қарым-қатынасында болған мәселелерді шеше алатын жағдайда өтті. Өйткені Түркия басшылары өз саясатында еш нәтижеге жетпеді, сондықтан оларда Сирияның заңды үкіметіне қарсы қате саясатын қайта қарастырудан басқа шара жоқ.