Дос емес елдерде ресейлік дипломаттардың саны азайды
Қар 27, 2022 15:23 Asia/Almaty
Ресей СІМ-нің баспасөз өкілі: "Кейбір дос емес елдерде қалған ресейлік дипломаттардың саны екі адамнан аспайды",-деп хабарлады.
Мария Захарова TVC телеарнасына берген сұхбатында: "Біз дос емес деп таныстырған кейбір елдер, әсіресе Еуроодақ елдерінде орналасқан елшіліктердегі біздің дипломаттарымыздың саны шын мәнінде минимумға жеткізілді. Кейбір елдерде бір немесе екі дипломатымыз бар",-деп мәлімдеді.
Мария Захарова: "Мәскеу елдермен байланысын үзу арқылы өзара қиыншылықтарды шешуді ешқашан қалаған емес",-деп еске салды.