Иран Ақиқатты анықтау жөніндегі комиссиямен ешқандай әріптестік жасамайды
Иран СІМ ақпарат хатшысы БҰҰ Адам құқығы кеңесінің Иранға қарсы қарарына реакциясында: "ИИР "Ақиқатты анықтау жөніндегі комиссия" деп аталатын саяси комиссиямен ешқандай әріптестік жасамайды",-деді.
Насер Канани дүйсенбі күні отандық және шетелдік тілшілермен апталық баспасөз отырысында Батыс елдерінің БҰҰ Адам құқығы кеңесінде Иранға қарсы жасаған әрекетіне тоқталып: "Адам құқығына қатысты механизмдерді тәуелсіз елдерге қарсы құрал ретінде асығыс пайдалануды айыптаймыз. Бұл адам құқығын ілгерілетуге еш көмектеспейді",-деді.
Иран СІМ ақпарат хатшысы: "Батыс елдері, әсіресе АҚШ үкіметі мен оған жақтасатын кейбір мемлекеттердің Иранда бүліктерді өршітуде рөл ойнағаны күмән тудырмайды. Бұған қатысты нақты деректер бар. Бұл деректер түрлі қалыпта Теһрандағы шетелдік елшілерге жіберілді",-деді.
Канани АҚШ-тың Иранды Израиль танкеріне шабуыл жасады деп айыптағаны туралы: "ИИР-ға жалған айып тағу – АҚШ, сионистік режим мен оның одақтастарының әдеттегі ісі. Иран өзі істеген істерге жауапкершілік алуға батылы жетеді",-деді.