Қытай Президенті: Батыс үкіметтері алданған наразыларды қолдап отыр
Жел 01, 2022 23:09 Asia/Almaty
Қытай Президенті Батыс үкіметтері елде алданған наразыларды қолдап отыр деп санайды.
Қытай Президенті теледидар арқылы сөз сөйлеп, елде жүздеген адамның қоғамдық тәртіпті бұзуын қабылдауға болмайтын әрекет деп атап: "Қытайдың алданған наразылары шетелдік агенттердің басқаруымен бүлік шығаруды көздеп отыр",-деді.
Си Цзиньпин: "Батыс елдері мен кейбір жақын елдер Қытайды даму жолынан тайдыра алмайды. Біздің дамып жатқанымызды көрген соң олар ұлы да мықты елімізде бейберекеттік тудыруды көздеп отыр",-деді.
Қытай халқы өткен бірнеше күнде коронавируске қатысты карантиндік шектеулерге наразылық ретінде осы елдің түрлі аймақтарында көшеге шығып, шеру өткізді.