Мәскеу: Батыстан қару-жарақ тасымалданбауы үшін Украинаның инфрақұрылымын нысанаға аламыз
Ресей Сыртқы істер министрі Батысты Украина соғысына тікелей араласып, қару-жарақпен қамтамасыз етіп, жауынгерлерді дайындап жатыр деп айыптады.
Euro News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Батысты Украина соғысына тікелей араласып, қару-жарақпен қамтамасыз етіп, жауынгерлерді дайындап жатыр деп айыптады.
Лавров тілшілерге: "Ресей Батыстан Украинаға қару-жарақ тасымалданбауы үшін осы елдің энергетикалық инфрақұрылымына шабуыл жасап жатыр",-деді.
Лавров: "Біз Украинаға қару-жарақ ағылмауы үшін осы елдің энергетикалық инфрақұрылымын жойып жатырмыз. АҚШ пен НАТО-ның бұл соғыса қатысы жоқ деп ешқашан айтпаңыздар. Олар соғысқа тікелей араласып жатыр",-деп баса айтты.