Ресей Украинадағы соғыс туралы келіссөздерге дайын
Кремльдің баспасөз хатшысы АҚШ президентінің Украина бойынша келіссөздерге қатысты мәлімдемелеріне жауап ретінде Ресейдің диалог пен дипломатияға дайын екенін, бірақ Украинадан кетпейтінін жариялады.
АҚШ президенті Ресей президентімен Украинаға қатысты келіссөздер жүргізуді ұсынды. Байден Украинадағы соғысты тоқтатудың жалғыз жолы Путиннің бұл елден өз күштерін шығаруы екенін баса айтты.
Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков президент Владимир Путиннің АҚШ президенті Джо Байденмен Украина мәселесі бойынша келіссөздер жүргізуге дайын екенін жариялап: «Ресей Украинадан кетпейді. Жаңа аумақтарды Ресей аумағының бір бөлігі ретінде танудан бас тарта отырып, Вашингтон кез келген ықтимал ымыраға тосқауыл қояды, бұл диалогқа қажет талпынысты айтарлықтай қиындатады»,- деді.