АҚШ: Ираннан Ресейге зымыран жіберілгені туралы ешқандай құжат көрген жоқпыз
https://parstoday.ir/kz/news/world-i66052-АҚШ_Ираннан_Ресейге_зымыран_жіберілгені_туралы_ешқандай_құжат_көрген_жоқпыз
Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар үйлестірушісі Украинаға қарсы соғыста АҚШ-тың Ираннан Ресейге баллистикалық зымырандарды тасымалдану туралы құжат көрмегенін мойындады
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 08, 2022 14:44 Asia/Almaty
  • АҚШ:  Ираннан Ресейге зымыран жіберілгені туралы ешқандай құжат көрген жоқпыз

Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар үйлестірушісі Украинаға қарсы соғыста АҚШ-тың Ираннан Ресейге баллистикалық зымырандарды тасымалдану туралы құжат көрмегенін мойындады

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ үкіметінің Иранға қарсы дұшпандық саясаттарын жалғастыру ретінде кеше, сәрсенбі күні журналистер жиналысында Джон Кирби: «Вашингтон Ресейге ирандық ұшқышсыз ұшақтарды берудің жалғасуына куә болды»,- деді.  
 Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз хатшысы сондай-ақ: «Біз Ресейдің қорғаныс-өнеркәсіптік базасы қысымға ұшырап жатқанын және Ресей президенті Владимир Путиннің қаруды, әсіресе дәлдікпен басқарылатын оқ-дәрілерді ауыстыруда қиындықтарға тап болғанын білеміз»,- деп мәлімдеді.