АҚШ: Ираннан Ресейге зымыран жіберілгені туралы ешқандай құжат көрген жоқпыз
Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар үйлестірушісі Украинаға қарсы соғыста АҚШ-тың Ираннан Ресейге баллистикалық зымырандарды тасымалдану туралы құжат көрмегенін мойындады
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ үкіметінің Иранға қарсы дұшпандық саясаттарын жалғастыру ретінде кеше, сәрсенбі күні журналистер жиналысында Джон Кирби: «Вашингтон Ресейге ирандық ұшқышсыз ұшақтарды берудің жалғасуына куә болды»,- деді.
Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз хатшысы сондай-ақ: «Біз Ресейдің қорғаныс-өнеркәсіптік базасы қысымға ұшырап жатқанын және Ресей президенті Владимир Путиннің қаруды, әсіресе дәлдікпен басқарылатын оқ-дәрілерді ауыстыруда қиындықтарға тап болғанын білеміз»,- деп мәлімдеді.