Ресей БҰҰ-на Украинаның азаматтық позицияларға шабуылы туралы құжаттарды тапсырды
Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыстардың және Батыстың Киевті қолдауға араласуының жалғасуымен бір мезгілде Мәскеу Украинаның азаматтық позицияларға шабуылы туралы құжаттарды БҰҰ-на тапсырды.
Fars news ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен осы ұйымның Бас ассамблеясына жолдаған хатында Украинаның азаматтық позицияларға шабуыл жасауының құжаттарын тапсырды. Бұл мәліметтерге сәйкес, Мәскеу бұл қылмыстардың жасалуында Батыс елдерінен Украинаға жіберілген қарулардың рөлін ерекше атап өткен.
Жақында Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя: «Ресей армиясы Украинаның электр және коммуникациялық жүйелеріне шабуыл жасау үшін дәл қаруды пайдаланады. Украина армиясының адасқан зымырандары Польша мен Молдоваға тиді»,- деді.