АҚШ – әйелдердің құқығын бұзып отырған ең ірі ел
Жел 11, 2022 21:49 Asia/Almaty
АҚШ армиясындағы психологиялық соғыс бөлімінің бұрынғы офицері осы ел үкіметін әлемде әйелдерді басып-жаншушы деп таныстырды.
Скотт Беннетт Press TV арнасына берген сұхбатында: "Егер БҰҰ әлемде әйелдердің құқықтарының бұзылу жайттарын анықтағысы келсе, мұны АҚШ-тан басқа жерден іздемей-ақ қойсын",-деді.
Скотт Беннетт АҚШ-тың әйелдерді өзінің түрлі түсті революцияларында құрал ретінде пайдаланатынын айтып: "АҚШ, Израиль мен сионистер негізсіз айыптар тағып, әйелдерді Иранға қарсы майданда теріс пайдалануға тырысып жатыр. Бұл – режимді ауыстырудың тағы бір мысалы",-деді.