Еурокомиссия басшысы 2023 жылы газ тапшылығы туралы ескертті
Жел 13, 2022 17:43 Asia/Almaty
Еурокомиссия басшысы алдағы жылы (2023) газ тапшылығы туралы ескертті.
Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында Еурокомиссия басшысы: «Қабылданған шараларға қарамастан алдағы жылға (2023) 30 миллиард текше метр газ тапшылығына тап болуымыз мүмкін»,- деп ескертті.
Осыған байланысты Reuters ақпарат агенттігі де Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіне сілтеме жасап: «2023 жылы Еуропалық Одақ 30 миллиард текше метр газ тапшылығына тап болады, бұл алдағы жылға (2023) есептелген осы Одаққа қажетті жалпы 395 миллиард текше метр газдың шамамен 7,6 пайызын құрайды»,- деп жазды.