Бахадори Джахроми Иранның БҰҰ-дағы әйел істері комиссиясынан шығарылғанына реакция білдірді
(last modified Thu, 15 Dec 2022 12:37:04 GMT )
Жел 15, 2022 18:37 Asia/Almaty
  • Бахадори Джахроми Иранның БҰҰ-дағы әйел істері комиссиясынан шығарылғанына реакция білдірді

Иран үкіметінің баспасөз хатшысы АҚШ-ты ИИР-ды БҰҰ-ның әйел істері комиссиясынан шығару мәселесін ұсынушы деп атады.

Сәрсенбі күні кешке АҚШ-тың заңсыз өтінішінен кейін ИИР-дың БҰҰ-дағы әйел істері комиссиясына мүшелігі осы ұйым жарғысының мәтіні мен рухына қайшы жалған мағлұматтарға негізделген уәждер бойынша дауысқа салынып, 29 оң, 8 қарсы, 16 қалыс дауыспен тоқтатылды.

Иран үкіметінің баспасөз хатшысы Твиттердегі жеке парақшасында АҚШ-ты осы іске жауапты деп таныстырып: "Әлем бойынша түрмеде жатқан әйелдердің бірден үші АҚШ түрмелерінде жатыр",-деп жазды.

Бахадори Джахроми АҚШ-та әйел құқықтарының ашықтан-ашық бұзылатынын еске салып: "2015 жылдан бері кемінде 250 әйел АҚШ полициясының дөрекілігінен көшеде ешбір сотсыз өлтірілді",-деді.

Тегтер