Маранди: Ваххабиттік лаңкестікті қолдайтын елдерден тұратын халықаралық органда Иранға орын жоқ
https://parstoday.ir/kz/news/world-i66258-Маранди_Ваххабиттік_лаңкестікті_қолдайтын_елдерден_тұратын_халықаралық_органда_Иранға_орын_жоқ
Иранның Вена келіссөздеріндегі келісімгерлер тобының кеңесшісі: "Иран ваххабиттік лаңкестікті қолдайтындар бар жерде жұмыс жасай алмайды",-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 16, 2022 15:25 Asia/Almaty
  • Маранди: Ваххабиттік лаңкестікті қолдайтын елдерден тұратын халықаралық органда Иранға орын жоқ

Иранның Вена келіссөздеріндегі келісімгерлер тобының кеңесшісі: "Иран ваххабиттік лаңкестікті қолдайтындар бар жерде жұмыс жасай алмайды",-деді.

Сейіт Мұхаммед Маранди бейсенбі күні БҰҰ-дағы АҚШ өкілінің MSNBC арнасына берген сұхбатында "Бүгін Иранның БҰҰ-дағы әйелдер ісі жөніндегі комиссияда ешбір ісі жоғын көрсеттік. Бұл халықаралық комиссия әлемнің түкпір-түкпірінде әйелдерді қолдап, жағдайын жақсартуды мақсат тұтады" деген сөздеріне реакциясында Твиттердегі жеке парақшасында: "Мүшелері 80-90 жылдары Ауғанстанда ваххабиттік лаңкестікке қаржылай қолдау жасаған халықаралық комиссияда Иранға орын жоқ",-деп жазды.

Маранди: "Иран Сирия мен Иракта ваххабиттік лаңкестікке қаржылай қолдау көрсетіп отырған режимдермен бір жерде отырмауы тиіс",-деді.