Амир Абдуллахиан: Әлем чемпионатының сәтті өтуі ислам елдері үшін мақтаныш
https://parstoday.ir/kz/news/world-i66342-Амир_Абдуллахиан_Әлем_чемпионатының_сәтті_өтуі_ислам_елдері_үшін_мақтаныш
Иран Сыртқы істер министрі Катар Сыртқы істер министрінің аймақтық істер жөніндегі орынбасарымен кездесуінде 2022 жылғы Әлем чемпионаты – 2022 ойындарының осы елде сәтті өтуін ислам елдерінің мақтанышы деп санады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 20, 2022 10:15 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Әлем чемпионатының сәтті өтуі ислам елдері үшін мақтаныш

Иран Сыртқы істер министрі Катар Сыртқы істер министрінің аймақтық істер жөніндегі орынбасарымен кездесуінде 2022 жылғы Әлем чемпионаты – 2022 ойындарының осы елде сәтті өтуін ислам елдерінің мақтанышы деп санады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн АмирАбдуллахиан кеше Теһран диалог форумының үшінші сессиясы аясында Катар Сыртқы істер министрінің аймақтық істер жөніндегі орынбасары Мұхаммад бен Абдулазиз әл-Халифимен кездесуінде Катардың Ұлттық күнімен құттықтады.

Иран Сыртқы істер министрі мен Катар Сыртқы істер министрінің аймақтық істер жөніндегі орынбасары да ортақ мүдделер мен санкцияларды алып тастау келіссөздерінің соңғы жағдайын талқылап, екі елдің саяси және экономикалық қарым-қатынастарын арттыру және дамытудағы табандылығын қуаттады.