Жел 20, 2022 14:46 Asia/Almaty
  • БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2231 қарарын орындау жөніндегі отырыс өтті

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2231 қарарына қатысты отырысына қатысушылар АҚШ-тан Иранға қарсы біржақты санкцияларды жоюды сұрай отырып, Теһраннан ядролық жұмыстарын азайтуды сұрады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ Бас хатшысының саяси және бейбітшілік істері жөніндегі орынбасары Розмари Дикарло осы отырыстың бірінші спикері ретінде Ираннан ядролық бағдарламада жасалған қадамдарды кері қайтаруды сұрап, АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты экономикалық санкцияларының жойылуын талап етті. Еуропа Одағының БҰҰ-дағы өкілінің орынбасары Сильвио Гонзато да Иранның Атом Қуаты Агенттігімен толық ынтымақтасуы керек екенін айтып, Теһранға тағылған айыптарды қайталады. Ол: «Ортақ қадам жан-жақты бағдарламасын қайта жандандыру – Иранның аталмыш келісім кірістерінен пайда табуының және санкцияларды жан-жақты алып тастау нәтижесінде өзінің толық экономикалық әлеуетіне жетудің жалғыз жолы. Бұл бүкіл халықаралық қауымдастықты Иранмен көбірек ынтымақтастыққа шақырады»,- деді.

Тегтер