Ресей Грекияны Украинаға зымырандық кешендерді жіберу туралы ескертті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i66356-Ресей_Грекияны_Украинаға_зымырандық_кешендерді_жіберу_туралы_ескертті
Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Афины Киевке зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін жіберетін болса, ол іс жүзінде Мәскеумен келісімдерін бұзуға бет алғанын және бұл әрекет Мәскеудің назарынан тыс қалмайтынын ескертті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 20, 2022 11:20 Asia/Almaty
  • Ресей Грекияны Украинаға зымырандық кешендерді жіберу туралы ескертті

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Афины Киевке зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін жіберетін болса, ол іс жүзінде Мәскеумен келісімдерін бұзуға бет алғанын және бұл әрекет Мәскеудің назарынан тыс қалмайтынын ескертті.

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Мария Захарова: «Ресей Грекияның бұрын Мәскеуден сатып алған С-300 әуе қорғаныс жүйелерін беру жоспарын дұшпандық әрекет деп санайды»,- деді.  

Бұған дейін егер АҚШ Грекияға Patriot MIM-104 зымырандық кешендерін   жіберуге келіссе, Грекия Киевке өзінің С-300 жүйелерін жіберуге ниетті екені хабарланған болатын. Захарованың айтуынша, Грекиядағы қазіргі үкіметтің шешімі гректердің көпшілігінің ұстанымына қайшы келеді және гректердің 70 пайызы Украинаға қару жіберуге қарсы.