Иран актері Навид Мұхаммадзаде Еуразия кинофестивалінің жүлдесін жеңіп алды
Жел 22, 2022 15:08 Asia/Almaty
Ирандық актер «Beyond the Wall» («Қабырға артында») фильміндегі рөлі үшін Қазақстандағы Еуразия кинофестивалінің үздік ер адам рөлі жүлдесін жеңіп алды.
12-18 желтоқсан аралығында Қазақстанның Алматы қаласында 16-шы Еуразия кинофестивалі өтті. Вахид Джалилундтың «Қабырға артында» фильмі осы киношараның негізгі конкурстық бөлімінде көрсетіліп, Навид Мұхаммадзаде осы фильмдегі рөлі үшін үздік ер адам рөлін жеңіп алды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, «Қабырға артында» бірінші әлемдік премьерасы 79-шы Венеция фестивалінің байқау бөлімінде өтті.