Америка сот мекемелерінің шаралары халықаралық құқық үшін қоқан-лоққы болып табылады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i6640-Америка_сот_мекемелерінің_шаралары_халықаралық_құқық_үшін_қоқан_лоққы_болып_табылады
Иран ислам кеңесі мәжілісі төрағасының орынбасары Америка сот мекемелерінің Иранның байлықтарына қарсы негізсіз, қисынсыз әрі принципсіз үкім шығару шараларын халықаралық тәртіп пен құқық үшін шынайы қоқан-лоққы деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 01, 2016 16:42 Asia/Almaty
  • Америка сот мекемелерінің шаралары халықаралық құқық үшін қоқан-лоққы болып табылады

Иран ислам кеңесі мәжілісі төрағасының орынбасары Америка сот мекемелерінің Иранның байлықтарына қарсы негізсіз, қисынсыз әрі принципсіз үкім шығару шараларын халықаралық тәртіп пен құқық үшін шынайы қоқан-лоққы деп атады.

ИРНА- ның хабарлауы бойынша, Иран ислам кеңесі мәжілісі төрағасының орынбасары худжатул ислам уа ал-муслимин сейіт Мұхаммад Хасан Әбуторабифард мәжілістің жексенбі күнгі ашық отырысында: «Иранның үштік билігі Иран халқының құқығын қорғау үшін бар мүмкіндікті пайдаланады. Америка ислам республикасымен қарсыласудың барлық саласында жеңілістің ащы дәмін татқандай, бұл жолда да ауыр жеңілісті бастан өткеретінін білсін.

Иран халқы өз құқығын көркем түрде қорғап, Американың әділетсіз жүйесіне тағы да соққы береді» деді.

Американың жоғары соты 20-шы сәуір күні Американың сот мекемелері лаңкестік қылмыстар құрбандарының арызын қарастыру үшін Иранның тәркіленген байлықтарын өтемақы төлеуге пайдалана алады деп растады.