Ресей шенеунігі: Қазақстан мұнайы Германиядағы ресейлік мұнайды алмастыра алмайды
Жел 22, 2022 15:13 Asia/Almaty
Ресейдің «Транснефть» компаниясының ресми өкілі: «Қазақстаннан Германияға мұнай тасымалдау мүмкіндігін арттыру туралы өтініш түскен жоқ»,- деп мәлімдеді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Игорь Демин: «Қазақстан өз мұнайын Германияға тасымалдау үшін қосымша қуат алуға өтінім берген жоқ»,- деді. Бұл ресейлік компанияның пікірінше, Қазақстан Германияның мұнай өңдеу зауыттарына осыдан бұрын жеткізілген ресейлік мұнайды алмастыра алмайды. «Транснефть Ресей» өкілінің айтуынша, Қазақстан Германияға 3-5 миллион тоннадан артық мұнай бере алмайды, ал Ресей Германия зауыттарына жыл сайын 19-20 миллион тонна шикізат тасымалдайтын.