Сауд Арабиясында жұмыссыздық артты
Жел 30, 2022 15:40 Asia/Almaty
Сауд Арабиясындағы жұмыссыздық деңгейі тиісті мекеме өкілдерінің айтуынша, Украинадағы соғыс пен инфляцияның өсуіне байланысты артты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, осы жылдың үшінші тоқсанында Сауд Арабиясы азаматтары арасындағы жұмыссыздық 9,9 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың екінші тоқсанында саудиялық ер адамдар арасында 9,7 пайызды құраған. Бейсенбі күні жарияланған бұл есеп бойынша әйелдердің орташа жұмыссыздық деңгейі 20,5 пайызды құрады.