Канани: Францияның басқа елдер мен илаһи діндердің өкілдерін қорлауға құқығы жоқ
ИИР СІМ-нің ақпарат өкілі Charlie Hebdo француз басылымының құрметсіздік көрсеткені және осы елдегі сөз бостандығы туралы уәждеріне тоқталып: "Францияның басқа елдер мен илаһи діндердің өкілдерін қорлауға құқығы жоқ",-деді.
Насер Канани жексенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында Франция басшыларына қаратып: "Франция өз тарихында отарлау саясатын жүргізіп, ел іші мен сыртында адам құқығы мен сөз бостандығын бұзғандықтан, сөз бостандығын сылтауратып басқа елдер мен ұлттардың құндылықтарын және илаһи діндердің өкілдерін қорлауға құқығы жоқ",-деп жазды.
Бұдан бұрын Ислам пайғамбарына тіл тигізген Charlie Hebdo басылымы жуырда діни және саяси басшыларды келекелейтін карикатуралар жариялау мақсатында жарыс өткізді. Жарыстан кейін Франция үкіметі мен аталмыш басылымға көп сын айтылды.