Гросси: Иран ісінде ешқандай ілгерілеушілік болған жоқ
https://parstoday.ir/kz/news/world-i66890-Гросси_Иран_ісінде_ешқандай_ілгерілеушілік_болған_жоқ
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) Бас директоры бейсенбі күні осы халықаралық ұйым мен Иран арасындағы келіссөздерде ілгерілеушілік болмағанын мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 13, 2023 06:53 Asia/Almaty
  • Гросси: Иран ісінде ешқандай ілгерілеушілік болған жоқ

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) Бас директоры бейсенбі күні осы халықаралық ұйым мен Иран арасындағы келіссөздерде ілгерілеушілік болмағанын мәлімдеді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Рафаэль Гросси кеше бейсенбі күні Ватикандағы әлемдік католиктердің жетекшісі Рим Папасы Францискпен кездескеннен кейін «Ватикан медиасына» берген сұхбатында Иранмен Вена санкцияларын жою келіссөздері туралы: «Тұйық жағдай жасалды. Бұл келіссөздер үзілді»,- деді. Өткен жылдары АҚХА сионистік режимнің Иранның ядролық бағдарламасына қатысты кейбір уәждеріне назар аударып, оларды қайталады. Теһран бұл мәлімдемелерді жалған деп санап, оны жоққа шығарды. Иран басшылары Теһранның АҚХА көтерген сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап бергенін, бірақ агенттік өз есептерін Иранның дұшпандарынан алынған ақпаратқа негіздейтінін қуаттады.