Ұлыбритания Теһраннан өз елшісін уақытша шақырып алды
(last modified Sun, 15 Jan 2023 15:31:15 GMT )
Қаң 15, 2023 21:31 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания Теһраннан өз елшісін уақытша шақырып алды

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джеймс Клорли: "Әлиреха Акбари дарға асылғаннан кейін Лондон үкіметі көбірек кеңесу үшін өз елшісін Теһраннан уақытша шақырып алды",-деп хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Джеймс Клорли сенбі күні кешке Твиттердегі жеке парақшасында: "Лондон Акбаридің үкіміне реакция ретінде қандай шара қолдану керегін талқылап жатыр",-деп уәж айтты.  

Осы жағдайда Ұлыбританияның Ирандағы елшісі Саймон Шерклифф Иран СІМ-нің Батыс Еуропа департаментінің бас директоры тарапынан Иранның ұлттық қауіпсіздігіне араласқанына наразылық ретінде шақыртылды.  

Осы отырыста Иран Ұлыбритания үкіметіне елдің ұлттық қауіпсіздігіне қарсы жасаған бүлдіргі әрекеттеріне наразылық білдірді.

Иран Жоғары сотының баспасөз қызметі: "Иран және Ұлыбританияның азаматтығына ие болған Әлиреза Акбари Лондон үкіметінің барлау қызметінің мүддесіне тыңшылық жасау арқылы Иранның ішкі-сыртқы қауіпсіздігіне қарсы ауқымды әрекеттер жасап, әлемдік деңгейде сыбайлас жемқорлықпен айналысты деп айыпталып, өлім жазасына кесілді және үкімі орындалды",-деп хабарлады. 

Тегтер