Қаң 20, 2023 20:31 Asia/Almaty
  • Теһранда I Халықаралық ықпалды әйелдер конгресі басталды

Теһранның "Саммит" сарайында түрлі елдердің 70 лауазымды әйелінің қатысуымен алғашқы Халықаралық ықпалды әйелдер конгресі басталды.

Жұма күні Теһранның "Саммит" сарайында Қытай, Аустралия, Шри-Ланка, Тайланд, Пәкістан, Камерун, Сербия, Армения, Швеция, Болгария, Оңтүстік Африка республикасы, Сирия, Ливан мен Ресейден келген 300 ықпалды әйелдің қатысуымен  Халықаралық ықпалды әйелдер конгресі басталды.

Конгресс мәдени және ғылыми тұлғалар, жұлдыздар, министрлер мен бірінші ханымдар деген үш деңгейде өтеді.

Иран Президентінің әйелдер мен жанұя ісі жөніндегі орынбасары Аниса Хазалидың айтуынша, бұл конгресте бірқатар елдің әріптестігімен түрлі органдар арасында 10 екіжақты құжат пен меморандумға қол қойылады. 

Тегтер