Гросси ақпанда Иранға сапар шегеді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i67202-Гросси_ақпанда_Иранға_сапар_шегеді
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі бас директоры сейсенбі күні ақпан айында Иранға баратынын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 25, 2023 11:59 Asia/Almaty
  • Гросси  ақпанда Иранға сапар шегеді

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі бас директоры сейсенбі күні ақпан айында Иранға баратынын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Брюссельге барған Рафаэль Гросси Еуропа Одағының штаб-пәтерінде өткен баспасөз мәслихатында осы мәселені көтеріп, Иранның қорғаныс келісімдері аясындағы міндеттемелерін орындауына қатысты күрделі көрініс бар деп мәлімдеді. Ол: «Олар бірқатар міндеттемелерін орындауда, бірақ әлі де бізге маңызды түсініктемелер беруге міндетті»,- деді.

Агенттіктің бас директоры Иранға сапары барысында болжамды қорғаныс мәселелері саласында ілгерілеушілікке қол жеткізілетініне үміт білдірді.