Раиси: Теһран-Баку қарым-қатынасы қараниеттілердің ықпалына түспейді
Иран Президенті Ибрахим Раиси Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сұхбаттасып: "Теһран мен Баку үкіметтері өзара қарым-қатынастың қараниеттілердің ықпалына түсуіне жол бермейді",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси сенбі күні кешке Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сұхбаттасып, Иран үкіметі мен халқы атынан Теһрандағы Әзірбайжан елшілігінде болған оқиғаға қатысты көңіл айтты.
Раиси сондай-ақ Иран мен Әзірбайжан халықтарының достық әрі бауырластық қатынасының ажырағысыз мәдени-тарихи байланыстарға негізделгенін айтып: "Теһран мен Баку үкіметтері өзара қарым-қатынастың қараниеттілердің ықпалына түсуіне жол бермейді",-деді.
Ильхам Әлиев те осы сұхбатта өз елі мен үкіметіне көңіл айтқаны үшін Раисиге алғыс айтып, Теһрандағы Әзірбайжан елшілігіне шабуылдың күтпеген жағдай болғанына тоқталып: "Қос тарап осы мәселенің анық-қанығын анықтауда біреулер осындай оқиғаны сылтауратып, екі елдің достық қатынасын бұзуға мұрсат таппастай әріптестік жасауы тиіс",-деді.