Теһрандағы Украина елшісінің міндетін атқарушы Иран СІМ-ге шақыртылды
Украина Президентінің кеңесшісі Иранның ішкі ісіне араласып, текетірес тудыратын сөздер айтып, Исфаханда Қорғаныс министрлігінің өнеркәсіп кешеніне жасалған шабуылға өз елінің қатысы барын қабылдағаннан кейін Теһрандағы Украина елшісінің міндетін атқарушы Иран СІМ-ге шақыртылды.
Украина Президентінің кеңесшісі Михаил Подоляктың Исфаханда Қорғаныс министрлігінің өнеркәсіп кешеніне жасалған шабуылға өз елінің қатысы барын жанама түрде қабылдағанынан кейін Теһрандағы Украина елшісінің міндетін атқарушы осы уәждерге түсініктеме беру үшін Иран СІМ-ге шақыртылды.
Украина Президентінің кеңесшісі жексенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында сионистік режимнің саяси-ақпараттық ортасы көрсеткен қатынасқа ұқсас кекке толы ұстаным білдіріп, Киевтің Исфаханда Қорғаныс министрлігінің өнеркәсіп кешеніне жасалған шабуылға қатысы барын айтты.
Иран Қорғаныс министрлігі: "Сенбі күні кешке Исфаханда Қорғаныс министрлігіне тиесілі өнеркәсіп кешендерінің бірі дрондардың сәтсіз шабуылына ұшырады. Бір дрон әуе қорғаныс жүйесі тарапынан құлатылса, екі дрон қорғаныс қақпанына түсіп, жойылды",-деп мәлімдеді.
Украина басшыларының ешқайсысы әлі күнге дейін Михаил Подоляктың сөздерін растаған да, теріске шығарған да жоқ.