Ирандық спортшылар Киште өткен Халықаралық теннис турнирінде қола медаль алды
Ирандық спортшылар Киште өткен Халықаралық теннис турнирінде үшінші орын алды.
Халықаралық теннис турнирінің алғашқы аптасы ерлер мен әйелдер арасында Венгрия мен Ресей спортшыларының жеңісімен және Иранның екі спортшысының үшінші орын алуымен аяқталды.
Екі аптаға созылатын турнирге Польша, Венгрия, Түркия, Ресей, Үндістан, Өзбекстан және Ираннан 120-дан аса теннисші қатысып жатыр.
Турнирдің бірінші аптасының соңғы күні Киш араланың "Олимпик" спорт кешенінде өтті.
Турнирдің финалында ерлер арасында венгриялық Лурант Гиури түркиялық Анес Кучуды жеңіп, жеңімпаз атанды. Түркия өкілі екінші орын алды. Ирандық Амир Әли Қаввам мен түркиялық Туна Кайра бірге үшінші орынға табан тіреді.
Әйелдер арасындағы финалда ресейлік Ева Хрусталева түркиялық Нисан Жаннан басым түсіп, бірінші орын алды. Түркиялық теннисші екінші орынды місе тұтты. Ирандық Дорса Черағи түркиялық Зейнаб Арбаканмен бірге үшінші орынға ие болды.