Әли Шамхани Ресейге кетті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i67488-Әли_Шамхани_Ресейге_кетті
Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Мәскеуге аймақтық қауіпсіздік диалогының бесінші отырысына қатысу үшін аттанды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 07, 2023 14:17 Asia/Almaty
  • Әли Шамхани Ресейге кетті

Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Мәскеуге аймақтық қауіпсіздік диалогының бесінші отырысына қатысу үшін аттанды.

Ислам революциясы жетекішсінің өкілі және ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани сәрсенбі Мәскеуде өтетін бесінші аймақтық қауіпсіздік диалогы отырысына қатысу үшін бүгін (сейсенбі) күні таңертең Теһраннан Мәскеуге аттанды.

Ауғанстанға көршілес елдерлдің ұлттық қауіпсіздік ұйымының хатшылары, кеңесшілері мен өкілдерінің қатысуымен өтетін бұл жиында осы елдің саяси, экономикалық және қауіпсіздік саласындағы оқиғалары талқыланады. Осы отырыс аясында Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы кейбір әріптестерімен жеке кездесіп, екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелер  туралы пікір алмасады. Шамхани сондай-ақ үстіміздегі жылдың қараша айында Патрушевтің Иранға сапары кезінде  Теһранда өткен Иран мен Ресей Ұлттық қауіпсіздік кеңесі хатшыларының бірлескен отырыстарыының жалғасында  ресейлік әріптесімен тағы бір кездесу өткізіп, екіжақты мәселелерді және екі елдің бірлескен экономикалық, технологиялық және коммерциялық жобаларын талқылауды жалғастырады. Сондай-ақ Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Ресей Федерациясының басқа да жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесіп, әңгімелеседі.