Раиси Бейжің университетінде: Әлемде жаңа жүйе қалыптасып жатыр
Иран Президенті көне жүйе ыдырап, жаңа әлем қалыптасып жатқанын айтып: "Жаңа әлем жаңа жүйе құрылуын қажет етеді. Онда шынайы көпжақтылық, барынша интеграция, тілеулестік кең таралып, біржақтылықтан мейлінше бас тартылуы тиіс. Сонда әділ әрі ынсапты жүйе қалыптасады",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси сәрсенбі күні Бейжің университетінің басшылары, ұстаздары әрі студенттерімен кездесуінде Иран мен Қытай қарым-қатынасының тарихына тоқталып: "Қытай көне Ұлы жібек жолы арқылы әлемге танылды. Бұл сауда жолы Иран жерінен өтіп, олардың әл-ауқатын арттыра түсті. Ұлы жібек жолы түрлі ұлттар арасында сауданы жеңілдеткен маңызды бағыт қана емес, тарих бойында мәдени жіптей әралуан қоғамдарды бір-біріне байланыстырып отырған",-деді.
Раиси: "Қазіргі таңда Азия жаһандық өзгерістердің ошағына айналғанын ескерсек, осы аймақта бейбітшілікті сақтап-нығайту бір таңдау ғана емес, маңызды қажеттілік саналады",-деді.