Канада Украинаға көбірек танк жібереді
Ақп 25, 2023 17:42 Asia/Almaty
Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо жұма күні, Ресейдің Украинаға жасаған шабуылының бір жылдығында: «Канада Украинаға тағы төрт «Леопард-2» шабуыл танктерін жіберіп, Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар салады»,- деді.
Бұл танктердің жеткізілуі Канаданың Украинаға жіберген Леопард-2 танктерінің жалпы санын сегізге жеткізді. Канада Ресеймен соғысып жатқан Украинаға көмектесу үшін броньды машина мен бес мың 155 мм патрон жібереді.
Канада премьер-министрі Джастин Трюдо жаңа санкциялардың 129 адамға, соның ішінде Ресей премьер-министрлерінің орынбасарлары мен басқа да ресми тұлғаларға және 63 субъектіге бағытталғанын айтты.