Иран Ресейге экспортын 20 миллиард долларға жеткізуді көздеуде
https://parstoday.ir/kz/news/world-i68024-Иран_Ресейге_экспортын_20_миллиард_долларға_жеткізуді_көздеуде
Иран Ішкі істер министрлігінің экономика жөніндегі орынбасары: «Иран мен Ресей байланыс және сауда қарым-қатынастарын нығайту үшін 20 миллиард долларлық экспортты мақсат етті»,- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 01, 2023 18:36 Asia/Almaty
  • Иран Ресейге экспортын 20 миллиард долларға жеткізуді көздеуде

Иран Ішкі істер министрлігінің экономика жөніндегі орынбасары: «Иран мен Ресей байланыс және сауда қарым-қатынастарын нығайту үшін 20 миллиард долларлық экспортты мақсат етті»,- деді.

Мохсен Кушештабар Иран мен Ресейдің аймақтық ынтымақтастық жұмыс тобының бесінші отырысында ресейліктердің  азық-түлігінің бір бөлігін Ираннан жеткізуге мүдделілігіне тоқталып: «Ирандық кәсіпкерлер бұл мәселені құптады. Бұл отырыста Иранның Парсы шығанағы мен Оман теңізіндегі оңтүстік порттарының қуатын пайдалану және олардың Ресей тауарларын тасымалдау үшін ашық сулармен және солтүстік-оңтүстік және батыс-шығыс дәліздерімен байланысы қарастырылды. Сондай-ақ, Каспий теңізіндегі ресейлік жүк тасымалдау мүмкіндіктерін Иран өнімдерін экспорттау үшін пайдалану мәселесі де талқыланды.