БҰҰ Түркияда зілзаладан зардап шеккен облыстарда дағдарысты жағдай қалыптасқанын ескертті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i68054-БҰҰ_Түркияда_зілзаладан_зардап_шеккен_облыстарда_дағдарысты_жағдай_қалыптасқанын_ескертті
БҰҰ-ның дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының басшысы Түркияда зілзаладан зардап шеккен облыстардың жағдайын ақырзамандағыдай деп сипаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 02, 2023 18:21 Asia/Almaty
  • БҰҰ Түркияда зілзаладан зардап шеккен облыстарда дағдарысты жағдай қалыптасқанын ескертті

БҰҰ-ның дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының басшысы Түркияда зілзаладан зардап шеккен облыстардың жағдайын ақырзамандағыдай деп сипаттады.

The Sky News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дэвид Бисли Түркияның оңтүстігінде орналасқан Хатай облысының орталығы Антакия қаласын аралағаннан кейін: "Көргенімді тек бір сөзбен сипаттай аламын: ақырзамандағыдай. Бұл қаланың қирау көлемі шынымен-ақ өте ауқымды",-деді.

Дэвид Бисли Сирияда 12 жыл бойы азаматтық соғыс болып жатқанына тоқталып: "Бұл елде зілзаладан зардап шеккендердің жағдайы – басқа апаттарға қосылған тағы бір апат",-деді.

Ол өз сөзінің тағы бір бөлігінде Сирияның солтүстігіне гуманитарлық көмек жіберуді ешбір шектеу мен кедергісіз жылдамдату және арттыру керегін айтып, барлық тараптардан осы аймаққа жылдам қолжетімділікті қамтамасыз етуді сұрады.