Иран «D8» елдерінің байланыс министрлерінің келесі отырысын өткізеді
Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі: «Келесі жылы (1402) «D8» елдері байланыс министрлерінің отырысы Иранда өтеді»,- деді.
Иранның Байланыс министрі D8 Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Исиака Абдул Қадыр Имаммен кездесуінде Иранның байланыс және ақпарат технологиясы саласындағы мүмкіндіктеріне тоқталып: «ИИР-ның коммуникация және ақпараттық технология саласында, әсіресе жергілікті платформаларды дамытуда өте жақсы мүмкіндіктер бар және миллиондаған пайдаланушылар күнделікті оларда белсенділік танытуда»,- деді. Зарепур, сонымен қатар Иранның ғарыш өнеркәсібі саласындағы мүмкіндіктеріне назар аудартып: «Иран ғарыш өнеркәсібінің толық цикліне ие елдердің бірі және қазіргі уақытта жергілікті жер серіктерін жобалау, өндіру және ұшыру және ғарыш деректерін талдау біліміне жетті»,- деп мәлімдеді.
Бұл отырыста D8 Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы да Иранның байланыс және ақпарат технологиясы саласындағы жетістіктерін тілге тиек етіп, D8 мүше елдердің Байланыс министрлерінің отырысын Иранда өткізу туралы келісімді хабарлады.