Вашингтон мен Тель-Авив Иранға қарсы тұрудың ортақ мақсатын жариялады
Нау 07, 2023 14:26 Asia/Almaty
Ақ үй мәлімдеме жариялау арқылы АҚШ-Израиль стратегиялық кеңес тобының отырысында екі жақтың Вашингтон мен Тель-Авивтің Иранның ядролық бағдарламасына қарсы тұру саласындағы ортақ мақсатын атап көрсеткенін хабарлады.
Бұл отырыста АҚШ-тың жоғары лауазымды қайраткерлері мен сионистік режим Иранның ядролық қаруға ие болуына қарсы тұруын қуаттады. АҚШ билігі мен сионистік режимнің Иранға қарсы талаптары Вашингтон басқа елдерге қарсы ядролық қару қолданған жалғыз ел және сионистік режим Батыс Азия аймағындағы ядролық қарудың жалғыз иесі болып отырған жағдайда қайталануда.
Тегтер