Иршади: Иран АҚШ-тың санкцияларына қарамастан арттыру жолында әрекет етіп жатыр
ИИР-дың БҰҰ-дағы елшісі: "АҚШ-тың біржақты антигуманистік санкциялары сияқты түйткілдерге қарамастан, Иран бұрынғыдай әйел құқығын арттыруды жөн санайды және әйелдердің қарым-қабілетін жоғарылатуда айтарлықтай жетістіктерге жетті",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Захра Иршади сейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің әйелдер, бейбітшілік және халықаралық қауіпсіздік туралы отырысында ирандық әйелдер мен қыздардың қарым-қабілетін арттыруды Теһран үкіметінің басты басымдықтарының бірі деп атап: "Біз осы отырыста кейбір мүше елдер тарапынан Иранға қарсы айтылған негізсіз уәждер мен жөнсіз сілтемелерге кесімді түрде қарсылық білдіреміз және айыптаймыз. Ирандық әйелдер түрлі салалар, соның ішінде ғылым, білім мен саясатқа белсенді араласады және Иран қоғамында шешуші рөл атқарады",-деді.