Бахрейни: Сардар Солейманиге террор жасау – халықаралық қылмыс
ИИР-дың Женевада орналасқан БҰҰ-дағы елшісі әрі тұрақты өкілі сардар Солейманиге террор жасауды халықаралық қылмыс деп атап: "Иран халқы бұл салада әділеттік орындамайынша тыншымайды",-деді.
Әли Бахрейни кеше, бейсенбі күні БҰҰ Адам құқығы кеңесінің 52-ші отырысы аясында онлайн форматта өткен дөңгелек үстелде: "Сардар Солейманиге террор жасау – халықаралық заңдар мен адам құқығын айқын бұзу",-деді.
Ол: "БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесі осы адам құқығын айқын бұзу фактісін айыптап, әділеттік орнауын талап етуі тиіс. Өйткені адам құқығына қатысты халықаралық заңдар – осындай әрекеттердің негізгі құрбаны",-деп еске салды.
Бахрейни БҰҰ-ның бұрынғы баяндамашысы Агнес Каламардтың сөзіне тоқталып: "Каламард сардар Солейманиге жасалған террорды қасақана өлтіру деп атады, бұған жауапты АҚШ деп таныстырып, бұл ел БҰҰ жарғысын бұзғанын айтты",-деді.