Түркияда болған зілзалада 6 мыңнан аса шетел азаматы қаза тапты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i68294-Түркияда_болған_зілзалада_6_мыңнан_аса_шетел_азаматы_қаза_тапты
Түркия Ішкі істер министрі Сүлеймен Сойлу бүгін осы елде болған зілзаладан 6660 шетел азаматының қаза тапқанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 13, 2023 19:00 Asia/Almaty
  • Түркияда болған зілзалада 6 мыңнан аса шетел азаматы қаза тапты

Түркия Ішкі істер министрі Сүлеймен Сойлу бүгін осы елде болған зілзаладан 6660 шетел азаматының қаза тапқанын хабарлады.

2023 жылы 6 ақпанда Түркияның оңтүстігі мен Сирияның солтүстігінде екі жойқын жер сілкінісі болды. Бұл зілзалалар салдарынан екі елде ондаған мың адам қаза тауып, зардап шегумен қоса, көптеген тұрғын үйлер қирады.

Сүлеймен Сойлу: "Түркияда болған екі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 48448 адамға жетті. Ал зардап шеккендердің саны 115 мың адамға жетті",-деді.