Бейсенбі күні Парижде шеруге шыққан 73 адам қамауға алынды
(last modified Fri, 17 Mar 2023 12:05:15 GMT )
Нау 17, 2023 18:05 Asia/Almaty
  • Бейсенбі күні Парижде шеруге шыққан 73 адам қамауға алынды

Бейсенбі күні кешке Франция халқының зейнетақы заңындағы реформаларға наразылық ретінде өткен шеруінде   полиция  73 наразылық білдірушіні қамауға алды.

Франция ақпарат құралдары шеру Париждің орталығындағы Конкорд алаңында өтіп, шерушілер мен полиция арасында қақтығысқа ұласқанын хабарлады. Бірнеше күн бұрын, 11 наурызда Франция сенаты үкімет ұсынған зейнетақы реформасы жоспарын 112 қарсы дауысқа қарсы 195 оң дауыспен мақұлдады. Бұл жоспарға сәйкес, Францияда зейнеткерлік жас бірте-бірте 62 жастан 64 жасқа дейін көтеріледі.

Тегтер