Бейсенбі күні Парижде шеруге шыққан 73 адам қамауға алынды
Нау 17, 2023 18:05 Asia/Almaty
Бейсенбі күні кешке Франция халқының зейнетақы заңындағы реформаларға наразылық ретінде өткен шеруінде полиция 73 наразылық білдірушіні қамауға алды.
Франция ақпарат құралдары шеру Париждің орталығындағы Конкорд алаңында өтіп, шерушілер мен полиция арасында қақтығысқа ұласқанын хабарлады. Бірнеше күн бұрын, 11 наурызда Франция сенаты үкімет ұсынған зейнетақы реформасы жоспарын 112 қарсы дауысқа қарсы 195 оң дауыспен мақұлдады. Бұл жоспарға сәйкес, Францияда зейнеткерлік жас бірте-бірте 62 жастан 64 жасқа дейін көтеріледі.