Канани Германия канцлерінің сионистермен келісіміне реакция білдірді
ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани Германия канцлерінің сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен кездесуінде Иранға қарсы мәлімдемелеріне реакция білдірді.
Насер Канани: «ИИР-ның ядролық қаруға қол жеткізуге талпыныс жасауы және мұның басқаларға қауіп төндіруі туралы мәлімдеме Германия билігінің сионистік режиммен сан рет айтылған қайталау болып табылады. Германия қайраткерлерінің Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің ең қатаң бақылауындағы Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасын қауіп ретінде көрсетуі таңғалдыратын жәйт. Бірақ олар жалған, басқыншы және заңсыз сионистік режимнің ядролық қаруларының ауқымды арсеналының қоқан-лоққылары туралы ешнәрсе айтпайды. Әлемнің тәуелсіз елдері мен қоғамдық пікірі қос стандарттарға негізделген мұндай ұстанымдар мен мінез-құлықтардан әбден жалықты»,- деді.