Париждегі қоқыс дағдарысы
Таяуда Франция халқының үкіметтің елдегі зейнетақы жүйесін өзгерту жоспарына қарсы наразылығынан кейін осы елдің астанасы Париж көшелерін қоқыс иісі басып қалды.
Париж қаласының сыпырушыларының ереуілі соңғы күндері бұл қалада 7000 тоннадан астам қоқыстың тасталуына және жиналуына әкеліп соқты және Франция үкіметі мен Париж мэрі арасында қоқыстарды басқаруға қатысты дау ушыға түсті. Қоқыс дағдарысы Парижді шарпыды, ал қаланың тазалық департаменті, сондай-ақ қалдықтарды жинау және қайта өңдеу орталықтарының қызметкерлері жұмысын тоқтатып, дүйсенбіге (20 наурыз) дейін ереуілде. Бұл Париж көшелеріне 9,4 мың тоннадан астам қоқыс төгілуіне себеп болды. Францияның 6 қалалық аймағында қоқыс жинауға жауапты компания өз қызметін қалпына келтіруге дайын емес, бұл жағдайды нашарлатып, Парижде қоқыстардың жиналуына себеп болды.
Франция президенті Эммануэль Макрон үкіметінің даулы зейнетақы реформасы туралы заң жобасын мақұлдауы осы елдің астанасында шерушілер мен полиция күштері арасындағы шиеленіс пен зорлық-зомбылыққа әкелді.