Амир Абдуллахиан Украинаның аумақтық тұтастығын сақтау қажеттілігіне баса назар аударды
(last modified Thu, 23 Mar 2023 12:37:10 GMT )
Нау 23, 2023 18:37 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Украинаның аумақтық тұтастығын сақтау қажеттілігіне баса назар аударды

Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан Швейцария Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлескен кезде Украинаның аумақтық тұтастығын сақтау қажеттігін қуаттады.

ИИР Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан мен Швейцарияның Сыртқы істер министрі Иньацио Кассис екіжақты, аймақтық және халықаралық маңызды мәселелерді талқылап, пікір алмасты. Хұсейн Амир Абдуллахиан осы телефон арқылы сөйлесуінде ИИР-ның елдердің, соның ішінде Украинаның аумақтық тұтастығын сақтау қажеттілігіне қатысты ұстанымды саясатына сілтеме жасап: «Біз соғыстың жалғасуына қарсымыз және дағдарысты шешуді жеделдету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз»,- деді.

Швейцария үкіметінің Сауд Арабиясындағы ИИР-ның мүдделерінің қорғаушысы ретіндегі күш-жігерін жоғары бағалай отырып, Әмір Абдуллахиан Теһран мен эр-Рияд арасындағы қарым-қатынастардағы соңғы өзгерістерге байланысты: «Біз екі елдің елшіліктерін қайта ашу мақсатында келісілген мерзім бойынша Сауд Арабиясы тарапымен кездесу өткізуге дайынбыз»,-деп тоқталды.

Тегтер