Нау 27, 2023 17:46 Asia/Almaty
  • Әлемдегі коронавирус статистикасы

Өткен тәулікте әлемде 43 мыңнан аса адам коронавирусқа шалдықты. Соның салдарынан 139 адам қаза тапты.

Осы аралықта Ресейде 32 адам коронавирус құрбаны болса, Тайванда 29 адам қаза тапты. Әлем құрлықтарының арасында Азияда өткен 24 сағатта коронавирустан ең көп адам, яғни 64 адам көз жұмды. Коронавирусқа шалдыққандардың ең көбі, яғни 20 мың адам Еуропада тіркелді.

Коронавирус жұқтыру тұрғысынан апталық статистика бойынша да Еуропа көш бастап тұр. Өткен бір аптада 4004 адам осы індеттің құрбаны болды. Оның жартысы Еуропада өмір сүрген. Осы аралықта коронавирусқа шалдыққандардың 46 пайызы, яғни 272 мың адам Еуропаға тиесілі. Еуропа елдері арасында Германияда осы індеттен өлім-жітім деңгейі 11 пайызға артты. Францияда коронавирусқа шалдығу статистикасы 17 пайызға өсті.  

Тегтер