Иран мен Ресей Сирияға қарсы лаңкестік топтармен күресуді жалғастыратындарын қуаттады
Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары екі елдің Сириядағы лаңкестік топтарға қарсы күресті жалғастыратындарын қуаттады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Хосейн Амир Абдоллаһиян мен Михаил Богданов сәрсенбі күні Мәскеуде өткен келіссөздерінің соңында: «Екі ел Сирия дағдарысын саяси жолмен тоқтату ұстанымын жалғастырып, Сириядағы барлық лаңкестік топтарға, әсіресе ДАИШ пен Ән-Носрат майданына қарсы күресті жалғастыру қажет деп санайды»,- деп мәлімдеді.
Амир Аболлаһиян журналистерге берген сұхбатта Сирияда лаңкестерді басқа топтардан бөлу қажеттілігін қуаттап: «Қарулы топтар қаруларын тапсырып, Сирия мәселесін шешетін саяси үдеріске қосылуы керек. Теһран мен Мәскеу Женевадағы сириялық тараптардың арасындағы келіссөздер нәтижеге жетіп, Сирия халқы өз келешегі туралы шешім қабылдай алатындай жағдай жасауға талпынуда» деді.
Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары және сол ел президентінің Таяу Шығыс істері жөніндегі өкілі де журналистерге берген сұхбатта: «Теһран мен Мәскеу БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирияға қатысты 2254 және 2268 қарарларын іске асырылуына мүдделік танытады» деді.