Сауд Арабиясы Башар Асадты араб елдері басшыларының отырысына шақырады
Сәу 03, 2023 22:13 Asia/Almaty
Сауд Арабиясы Сирия Президентін араб елдері басшыларының отырысына шақыратын болады.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сауд Арабиясы мен Сирия арасында дипломатиялық қарым-қатынастың үзілгеніне он жылдан асқанда Сауд Арабиясы Сирия Президенті Башар Асадты 19 мамыр Эр-Риядта өтетін араб елдері басшыларының отырысына шақыруды көздеп отыр.
Reuters-тің жазуынша, Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал ибн Фархан әл-Сауд алдағы апталарда Дамаскқа сапар шегіп, Башар Асадқа ресми шақыру хатын жеткізеді.